Инсайдерлік ақпарат

Төмендегі ақпарат «Қазақстандық Иджара Компаниясы» Акционерлік қоғамының (Компания) Ақпараттық саясатына сәйкес Қаржылық есептілік депозитарийі немесе Компанияның веб-сайты арқылы немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау/хабарландыру арқылы жұртшылыққа ашылғанға дейін Компанияның инсайдерлік ақпараты болып саналады:

• Акционерлердің жалпы жиналысы шешімдерінің жобалары, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысы шешімдері;

• акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қозғайтын және Компанияның бағалы қағаздарының құнын өзгерту жөніндегі Директорлар кеңесі шешімдері және Директорлар кеңесінің шешімдерінің жобалары;

• акционерлердің құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат;

• Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарын қайта ұйымдастыру немесе тарату жоспарлары туралы ақпарат;

• Компанияның құрылатын/таралатын заңды тұлғаны сатып алу/сату, осындай заңды тұлғадағы қатысу үлесін ұлғайту/азайту жоспарлары туралы ақпарат;

• Компанияның мүлкіне тыйым салу туралы мәліметтер;

• Компанияның мүлкін оның қолданыстағы активтерінің бес және одан да көп еселенген сомасына кепілге қою (қайта кепіл) туралы мәліметтер;

• Шариғат қағидаттарына сәйкес рұқсат етілген экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лицензиялар немесе рұқсаттар алу жоспарлары туралы, бұрын алынған лицензиялардың немесе рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы ақпарат;

• Компанияның бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат;

• Компанияның акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды шығаруы немесе эмиссиялауы туралы ақпарат;

• ақпарат жарияланғанға дейін уәкілетті органның Компанияның бағалы қағаздарының эмиссиясы туралы есепті бекітуі;

• Компанияның мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің құны Компания активтерінің он және одан да көп пайызын құрайтын ірі мәміле жасағаны туралы мәліметтер;

• Компанияның аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер жасасуы туралы ақпарат;

• Директорлар кеңесінің Коспания үшін қаржыландыруды тарту туралы шешімі туралы және/немесе Компанияның оның меншікті капиталының 25 және одан да көп пайызы көлемінде қаржыландыру алатыны туралы ақпарат;

• Коспания активтерінің 10 және одан да көп пайызын құрайтын мүліктің жойылуына әкеп соққан төтенше жағдайлар туралы ақпарат;

• 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Компанияға қатысты жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер;

• Компанияны мәжбүрлеп қайта құру туралы ақпарат;

• Компанияның жылдық қаржылық есебі мен аудиторлық есебінің жобасы;

• Компанияның қаржылық есептілігінде бұрын ашылған қателерді анықтау, егер мұндай қате Компанияның бағалы қағаздарының бағасына әсер етуі мүмкін болса;

• негізгі құралдарды қайта бағалау туралы ақпарат;

• Компанияның стратегиялық жоспарлары мен дамуы туралы ақпарат;

• Компанияның шотындағы ақша қаражатының қалдықтары туралы мәліметтер;

• Компанияның бағалы қағаздары және осы бағалы қағаздармен мәмілелер туралы басқа да сенімді ақпарат, Компания және оның қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат/құпия ақпарат және Компанияның бағалы қағаздары мен оның бағасының өзгеруіне не іс-шараларына әсер етуі мүмкін үшінші тұлғаларға белгісіз басқа да ақпарат;

• акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қозғайтын басқа да оқиғалар.

Осылайша, Компанияның әрбір қызметкерінің жоғарыда анықталған инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ескере отырып, Компанияның барлық қызметкерлері инсайдерлік ақпаратты тасымалдаушылар болып саналады.