ИБК

Иджараны басқару комитеті (бұдан әрі – комитет) Компанияның Бас директорының қызметіндегі маңызды көмекші құрал болып табылады, Компания Жарғысында, Өкілеттіктер матрицасында және ішкі құжаттарда айқындалған шеңберде ағымдағы басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысады. Комитеттің негізгі міндеттеріне Компанияның стратегиясын, операциялық жоспарлары мен бюджеттерін жүзеге асыру, Компанияның операциялық және қаржылық нәтижелерін бақылау кіреді. Комитет тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және комплаенс жүйелерін енгізуге баса назар аудара отырып, тәуекелдерді бағалауға, ресурстарды бөлуге және Компания қызметін тиімді басқаруға жауапты. Сонымен қатар, комитет Компания саясатына сәйкес лизинг және Мурабаха ұсыныстарын бекітуге жауапты. Жеке жауапкершіліктерді Бас директор айқындайтынын ескере отырып, ұжымдық жауапкершілік ішкі құжаттарға және Өкілеттіктер матрицасына сәйкес Компания қызметін дәйекті басқаруды қамтамасыз ету комитет қызметінің негізгі қағидаты болып қала береді.

KЖК

Кадрлар жөніндегі комитет (бұдан әрі – комитет) Компанияның Бас директорының қызметіндегі Компанияның еңбек ұжымын басқаруға қатысты мәселелерді шешудегі маңызды көмекші құрал болып табылады. Комитеттің міндеттеріне жұмыс күшін жоспарлауды, жұмысқа қабылдауды, оқытуды, дамытуды және ынталандыруды, сондай-ақ қызметкерлердің өнімділігін басқаруды, сабақтастықты жоспарлауды, ұйымдық мәдениетті, қызметкерлерді жұмыстан босатуды және ұстауды, сондай-ақ өтемақылар мен жеңілдіктерді қадағалау кіреді. Комитет Компанияның кадрлар саясатының Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бас директор төрағалық ететін Компанияның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қызметкерлерін қамтитын комитет персоналды басқару мәселелері бойынша тәжірибеге ие және Компаниядағы персоналды басқару процестерінің жалпы тиімділігін арттыру бойынша шешімдер қабылдайды. Комитеттің мақсаты – Компания қызметкерлері үшін оң және серпінді жұмыс ортасын құру.

АПБЖК

Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет (бұдан әрі – комитет) Компанияның тәуекелдерді басқару саясатында белгіленген стратегиялық және қаржылық тәуекелдерге сәйкес Компанияның активтері мен пассивтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ететін негізгі орган ретінде әрекет етеді. Құрамына Компанияның Бас директоры, сондай-ақ Бас директордың Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары, Бас директордың Операциялық және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Бас қаржы директоры және Қазынашы сияқты негізгі қызметкерлері кіретін комитет макроэкономикалық параметрлерді, нарықтық тенденциялар және қаражаттың игерілуін, қаржыландыру қажеттіліктерін, тәуекелдік шектеулерді, кіріс-шығындарды, өтімділік, өнім бағасы және қаржы/ресурстарды жұмылдыруды талқылайды. Ақша ағындарын дұрыс жоспарлауға және жеткілікті өтімділікті сақтауға стратегиялық назар аудара отырып, Комитет Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде және бизнесті дамыту бойынша негізделген шешімдерді қабылдауда маңызды рөл атқарады. Комитеттің шешімі бойынша Компанияның активтері мен пассивтерін басқаруға кешенді көзқарасты қамтамасыз ететін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін комитеттің мүшесі болып табылмайтын тұлғалар комитеттің нақты отырыстарына қатыса алады.