Улан Абылгазиев

Директорлар Кеңесінің мүшесі


Улан Абылгазиев мырза 2006 жылдан бастап Жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының (ICD) маманы атанып, қазіргі таңда ICD қаржы институттарын дамытудың бас инвестициялық менеджері болып табылады. Ол шағын және орта бизнесті қаржыландыру, корпоративті және жобалық қаржыландыру, портфельді басқару және несиелік тәуекелдерді бағалауды қоса алғанда, банк ісі және қаржылық даму сияқты салаларында 10 жылдан астам тәжірибеге ие. Сонымен қатар Улан Абылгазиев мырза портфельді басқару, қаржылық басқару және консультациялық қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын ірі инфрақұрылымдық жобаларды басқару саласында 6 жылдан астам тәжірибесі бар маман иесі болып табылады. ICD-ге келгенге дейін Улан Абылгазиев Ислам Даму Банкінде (ИДБ) жоба менеджері ретінде бір жыл қызмет атқарған. Еңбек жолын 1999 жылы бастап, 6 жылға жуық Қырғызстанның көлік және коммуникациялар Министрлігінде жобалар бойынша менеджер болып жұмыс істеді. Улан Абылгазиев мырза Қырғызстандағы Қырғызстан ауылшаруашылық академиясының агротехникалық бакалавр дәрежесінің (1997 ж.), Қырғызстандағы Құрылыс, көлік және сәулет мемлекеттік университетінің құрылыс инженері дипломының (2001 ж.), және құрылыс саласындағы магистр дәрежесінің иегері болып табылады (2007). Сонымен қатар, Улан Абылгазиев Испаниядағы IE Бизнес мектебінің Іскери әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие (2015 ж.).