KIC Лизинг мақсатты клиенттері
- Заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, ЖК);
- KIC Лизинг құмар бизнесте қызмет ететін, сондай-ақ Исламда тыйым салынған өзге де алкоголь және темекі өнімдерін сатудан, тасымалдаудан және сақтаудан табыс алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге лизингтік қызметтер көрсетпейді
- Қайтадан құрылған болып табылмайтын компаниялар (қаржы көрсеткіштері 2 жылдан кем емес);
- Нарықта жақсы беделі бар және тарихы оң компаниялар;
- Қаржылық көрсеткіштері жақсы компаниялар.
(*)Операциялық қызметі екі жылдан аз компаниялар жеке негізде қаралады
Қаржы лизингі бойынша жалпы талаптар (Иджара)
жалпы талаптар:
- Бөліп төлеу мерзімі: 6 айдан 18 айға дейін
- Аванстық төлемнің ең аз мөлшері: актив құнының 30%
- Кірістілік мөлшерлемесі (Маржа): жеке
- Құжаттарды зерделеу үшін комиссия: қаржыландыру сомасынан 1%
- Барлық бөліп төлеу мерзіміне активті толық сақтандыру
- Лизинг берушіге мониторинг, бақылау құқығын және қозғалтқышты қашықтықтан тоқтату функциясын ұсына отырып, мониторинг және бақылау жүйесі бар GPS жабдығын орнату
- Бөліп төлеудің рұқсат етілген сомасы: 50,000 АҚШ долларынан 2,000,000 АҚШ долларына дейін (*)
(*)жоғарғы шегі жобаға және клиенттің қаржылық жағдайына байланысты ұлғайтылуы мүмкін
Материалдар мен шикізаттарды бөліп сатып алу (Мурабаха)
жалпы талаптар
- Мурабаха онімдері: Материалдар мен шикізаттар, Ауылшаруашылык онімдер, жартылай фабрикаттар, дайын онімдер, орам материалдар және баска
- Бөліп төлеу мерзімі: 24 айға дейін
- Аванстық төлемнің ең аз мөлшері: актив құнының 20%
- Кірістілік мөлшерлемесі (Маржа): жеке
- Құжаттарды зерделеу үшін комиссия: қаржыландыру сомасынан 1%
- Сатып алынатын шикізат пен материалдар көлемінің кем дегенде 120% жабатын қосымша кепілзат
- Барлық бөліп төлеу мерзіміне активті толық сақтандыру
- Бөліп төлеудің рұқсат етілген сомасы: 50,000 АҚШ долларынан 1,600,000 АҚШ долларына дейін
(*)жоғарғы шегі жобаға және клиенттің қаржылық жағдайына байланысты ұлғайтылуы мүмкін