"Қазақстан Иджара Компаниясы" (KIC) акционерлік қоғамы Қазақстандағы Шариғат принциптері бойынша жұмыс істейтін алғашқы лизингтік компания болып табылады. Компания 2013 жылдың сәуір айында Жеке Секторды Дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (ICD) мен халықаралық және жергілікті инвесторлар тобы арасындағы серіктестік ретінде құрылды.

Компанияның шығарылған жарияланған капиталы $ 40 000 000 (қырық миллион) АҚШ долларын құрайды, орналастырылған капитал — $ 28 000 000 (жиырма сегіз миллион) АҚШ доллары.

Компания ислам лизингі саласында жұмыс істейді және компанияларға өз қызметтерін экономиканың барлық секторларында ұсынады, алайда Шариғаттың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келетін баламалы қаржы құралдарын ұсыну арқылы шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын дамытуды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан экономикасының жылдам өсуі және оның шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталуы жағдайында KIC-тің ең басты ерекшелігі ел халқын ислам лизингінің қағидаттарымен таныстыру және шағын және орта бизнеске арналған исламдық лизингтік өнімдерді дамыту болып табылады.